Әлемнің түкпір-түкпірінен 900-ге жуық балуан бақ сынаған бәсекеде жерлестеріміз Ноу-Ги және Ги санаттарында теңдессіз өнерімен көзге түсті. Қазақстанның атынан 120-дан астам балуан бақ сынап жарыстың алғашқы күнінде отандастарымыз 11 - алтын, 13 - күміс және 25 – қола жүлдеге қол жеткізді.

Және жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға табан тіреді. Ал, біріншіліктің екінші күнінде 17 – алтын, 13 – күміс және 25 – қола жүлде нәтижесімен жалпыкомандалық тағы да, екінші орыннан көрінді.

Осылайша, Осылайша еліміздің Ұлттық құрамасы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен біріншілікті 28-алтын, 26-күміс, 50-қола медаль нәтижесімен аяқтайды. Қазақстан – грэпплинг күресінен әлемдегі ең мықты командалардың бірі екенін кезекті рет дәлелдеді.