12 - алтын, 13 - күміс, 25 – қола! Әзірбайжан астанасы Бакуде Грэпплингтен әлем біріншілігінің бірінші жарыс күнін Қазақ балуандары осындай нәтижемен аяқтады.

Жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында өтіп жатқан жаҺандық додада 120-дан астам жерлесіміз бақ сынауда. Төрткүл дүниенің кіл мықтылары бас қосқан аламанның алғашқы күнінде бозкілемде Ноу-Ги санатында жүлделер сарапқа салынды.

Таңсәріде басталған бәсеке қас қарайғанша жалғасып Қазақстан құрамасы кезекті рет теңдессіз өнерімен көзге түсті. Ұлттық құраманың ұландары 12-салмақ дәрежесінде топ жарып жерлестерін жарқын жеңісімен қуантты.

«Біріншіліктің екінші күнінде де Қазақстан құрамасы жанкүйерлерін жерге қаратпай, спортшыларымыз көк туымызды көкте желбіретеді»- деді, өз сөзінде Қазақстан Грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин.